ЖАМБЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 460 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

ЖАМБЫЛ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМІ 460 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШАҚЫРТУҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТТІ

Жамбыл жедел медициналық жәрдем станциясына ағымдағы жылдың 10 айында 481 627 өтініш келіп түсті, оның ішінде 459 405 шақыртуға қызмет көрсетілді.

Емханалардың жанындағы «жедел жәрдем» бригадалары 4-санат бойынша 167 519 шақыртуға, 1-санат бойынша 27 мыңнан астам шақыртуға, 2 -анат бойынша 156 778 шақыртуға және 3-санат бойынша 103 943 шақыртуға шықты.

9 880 жағдайда телефон арқылы консультация берілді. Облыстың стационарларына 89 944 пациент жеткізілді. Есепті кезеңде 21 сәтті реанимациялық іс-шара өткізілді.