
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде пациенттерге екі жаңа медициналық нысан ашылды. Бұл Қарағанды фельдшерлік-акушерлік пункті және Бөрлі аудандық ауруханасының Жаңақоныс медициналық пункті.
Жаңа ФАП-та тіркеу бөлімшесі, дәрігерге дейінгі қарап-тексеру, ЖПД дәрігері және мейіргер, физиотерапия, зарарсыздандыру, емдеу және сұйықтық жинау кабинеттері көзделген.
ФАП заманауи телеметриялық электрокардиографпен, ультракүлгін-магнитотерапия аппараттарымен, спирографпен, дефибриллятормен, жүкті әйелдерді зерттеп-қарауға арналған кардиотокография аппараттарымен жабдықталған.
Ауылдық медициналық ұйымның штатында акушер, мейіргер, санитар сияқты 7 қызметкер көзделген.
Жаңақоныс медициналық пунктінде тіркеу, дәрігерге дейінгі тексеру, мейіргердің қабылдау, емшара кабинеттері және дәріхана жұмыс істейтін болады. Пациенттерге медициналық қызмет көрсету үшін дифибриллятор, ультракүлгін сәулелену терапиясы және спирограф көзделген.