Еліміздегі зертханалар тест жүйелерімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздегі зертханалар тест жүйелерімен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілген – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Еліміздегі барлық зертхана жеткілікті мөлшерде тест жүйелерімен қамтамасыз етілген. 360 мыңнан астам артық тест бар, оның 300 мыңнан астамы мемлекеттік зертханаларда , яғни, 18 күнге жететін  қор бар деген сөз, -деді бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова  Орталық коммуникациялар қызметінде өтен «COVID – 19 диагностикалау көлемін ұлғайту. Халық арасында сұраныстың өсуіне байланысты дәрі-дәрмек  пен жеке қорғану құралдарын жеткізу»  тақырыбына арналған брифингте.

       Вице-министрдің айтуынша, егер наурыз айының соңында елімізде түрлі деңгейдегі 34 зертхана тәулігіне 12 мың тест, ал сәуірде - 14 мың тест жасаса, мамыр айында зертханалардың қуаты тәулігіне 20 мың тестке дейін артты. Маусым айында зертханалар санын 56-ға дейін артып,  зертханалық тестілеудің орташа  қуаты тәулігіне 28 000 тестке жетті.

       Халықты тестілеуге обаға қарсы күрес станцияларының 29 зертханасы мен жылжымалы санитариялық-эпидемиологиялық зертханалар, 13 жеке медициналық зертхана және медициналық ұйымдардың 14 зертханасы тартылды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, наурыз айынан маусым айына дейін COVID-19 1 536 607 зертханалық зерттеу жүргізілді. Оның ішінде 1 495 542 теріс шықты, ал  41 065-інен індет анықталды. Тек соңғы тәулікте 19,5 мың тест жасалды, оның 1 604 – ауру анықталған.

Вице-министр өз сөзінде, наурыз айында тестілеуге сұраныс күрт өсіп, зертханалардың  жүктемесі ауырлағанын атап өтті. Үш ай үздіксіз тәулік бойы еңбек еткен қызметкерлердің моральдық шыдамы таусылды. Мамандар арасында індетке шалдыққандар артты, салдарынан кадр тапшылығы пайда болды. Сонымен қатар, зертханалар үшін реагенттер мен шығыс материалдарын жеткізу мерзімдерінің кешіктірілді, бұл зерттеулерге кедергі болды және жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу талап етілетін жабдықтар тозды.

Бүгінгі таңда скрининг тестілеу үш топ бойынша өткізіледі: «эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша», «эпидемиологиялық қадағалау бойынша», «профилактикалық мақсатта». Соңғы топқа 20 санат кіреді, оның ішінде ЖРВИ-мен ауыратындар, тұмау және пневмонияға шалдыққандар, науқаспен байланыста болғандар, әскерге шақырылғандар, медицина қызметкерлері және басқалар.

 

ПТР әдісімен тестілеу үш топ бойынша жүргізіледі: «эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша», «профилактикалық мақсатта», «эпидемиологиялық қадағалау мақсатында».

Бірінші топқа COVID-19 жұқтырған провизорлық және жұқпалы аурулар стационарына жатқызылған адамдар; ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастар; 7 күнге COVID-19 науқастарымен жақын қарым-қатынаста болған адамдар; клиникалық хаттамаға сәйкес амбулаториялық емдеуде және БМСК медициналық бақылауындағы COVID-19 науқастар кіреді.

Профилактикалық мақсатта респираторлық симптомдармен және COVID-19 ұқсас басқа да белгілермен медицина қызметкерлері тапсыра алады; әскери бөлімдерге келген жастар, сондай-ақ «ҚР Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясының ауруларының алдын алу бойынша шараларды одан әрі күшейту туралы» ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 24 маусымдағы №42 қаулысына сәйкес, ЕАЭО елдері мен Өзбекстан Республикасынан автобекет және темір жолдағы Мемлекеттік шекараны өткізу пункттері арқылы Қазақстанға келетін азаматтар және шетелден авиарейстермен келген адамдар.

Эпидемиологиялық қадағалау мақсатында - стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер, шұғыл емдеуге жатқызу кезіндегі пациенттер, клиникалық хаттамаға сәйкес жүкті және жаңа туған нәрестелер, гемодиализдегі пациенттер, ҚАЖ мекемелеріне түскен адамдар (тергеуге алынған, айыпталушылар, сотталғандар), медициналық-әлеуметтік мекемелерге жаңадан түскен адамдар, ресімдеу кезінде бір рет және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тиісті аумақтың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес өтеді.

         Людмила Бюрабекова сөз соңында тесттен өткендердің барлығы КВИ, ЖРВИ және пневмониямен ауыратын науқастарға - МӘМС және ТМККК шеңберінде, сондай-ақ ықтимал және ықтимал жағдайлар үшін, медицина қызметкерлеріне - эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша шектеу қойылғанын еске салды.

 

Анықтама: ҚР-да барлығы 41 065 симптомсыз және COVID-19 симптомды жағдай тіркелген. Тәулік ішінде 1 604 оқиға тіркелді.

13 558 науқас сауығып, бір тәулік ішінде 550 науқас үйіне шықты. Ал 188 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

Бүгінгі таңда 27 319 науқас емделуде, оның ішінде 249-ы бала. Стационарда — 11 242, амбулаторлық БАҚЫЛАУДА-16 077 ем алады.

       Өткен тәулікте елімізде 489 жаңа оқиға тіркелді, өсім 2,2% құрады.

Ең көп жаңа жағдай тіркелген:

- Алматы қаласында- 86 (2,3%);

- Нұр-Сұлтан қаласында -56 (1,5%);

Ең жоғары өсім байқалады:

- ШҚО-52 (6,6%);

         - Павлодар облысында - 43 (5,8%).

 

Өткен тәулікте тіркелген симптомсыз жағдайлар -1 115, өсім - 6,0%