ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ «ҚАЗАҚСТАН-ЕУРООДАҚ» ФОРМАТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ  «ҚАЗАҚСТАН-ЕУРООДАҚ» ФОРМАТЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігінде Еуропалық Одақтың ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Кестутис Янкаускас мырзаның қатысуымен денсаулық сақтау саласындағы одан әрі ынтымақтастық жөніндегі «Қазақстан-Еуроодақ» жұмыс тобының екінші отырысы өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау мәселелерін қоса алғанда, өзара іс-қимылдың 29 саласын қамтитын Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің маңыздылығын атап өтті. Ақмарал Әлназарова қазақстандықтардың денсаулығын нығайту бойынша бүгін іске асырылып жатқан жобалар мен бағдарламалар,  медициналық-санитариялық алғашқы көмек саласындағы жетістіктер, ведомствоның өмір сүру ұзақтығын ұлғайту, онкологиялық аурулармен күрес, фармацевтикалық өндірісті дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттері туралы айтып берді.

Тараптар нарыққа жаңа дәрілік препараттарды шығару мәселелерін, заманауи медициналық технологиялар трансфертінің шарттарын және осыған байланысты нормативтік реттеу тетіктерін талқылады.

Қорытындылай келе, отырысқа қатысушылар жүргізіліп жатқан жұмыс денсаулық сақтау саласындағы одан арғы екіжақты ынтымақтастық үшін қосымша серпін беретінін, сондай-ақ қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу бойынша үйлестіруді күшейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.