РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЗИ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ ӨҢІРЛЕРГЕ БАРҒАН КЕЗДЕ ПАЦИЕНТТЕРГЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗДІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЗИ ЖЕТЕКШІ МАМАНДАРЫ ӨҢІРЛЕРГЕ БАРҒАН КЕЗДЕ ПАЦИЕНТТЕРГЕ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР МЕН КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖҮРГІЗДІ

Республикалық бейінді ғылыми медициналық орталықтардың жетекші мамандарының командасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Батыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарына осы өңірлердің тұрғындарына консультациялық және практикалық көмек көрсету, сондай-ақ жергілікті емдеу ұйымдарында дәрігер-әріптестеріне мастер-кластар өткізу мақсатында барды.

Сапар барысында сарапшылар үш өңірде 20-дан астам медициналық мекемеге барды, онда стационарлық емдеудегі 250-ден астам пациентке, оның ішінде реанимация бөлімшесінде - 20-ға, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 300-ден астам пациентке консультация берді.

Стационарлар жағдайында 20 консилиум өткізілді, оның ішінде коронарлық қан тамырлары патологиясы бар пациентке хирургиялық араласу  (маммарокоронарлық және аорта митралдық қақпақшаның және трикуспидалдық қақпақшаның пластикасымен коронарлық шунттау) жүргізілді.

Әртүрлі локализациядағы қатерлі ісіктері бар 30 пациентті қамти отырып, мультидисциплиналық топтардың отырыстары, 60 пациентті қамти отырып, орталық дәрігерлік-консультациялық комиссияның отырыстары өткізілді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп көшпелі бригадалардың құрамында 7 республикалық орталықтың мамандары қатысты: «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстан Республикасының ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ, «Кардиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ , «University Medical Center» КҚ «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» АҚ,  «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ және «А. Н. Сызғанов атындағы ұлттық хирургия ғылыми орталығы» АҚ.

 Бұдан басқа, Маңғыстау облысына сапар барысында республикалық бейінді мамандар стационарлық емдеудегі 120-дан астам пациентке, сондай-ақ амбулаториялық деңгейде 150-ден астам пациентке консультация берді.

Жүргізілген тексерулердің қорытындысы бойынша 3 пациент «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ және «University Medical Center»КҚ стационарлық емделуге жіберілді.

Сондай-ақ, мамандар клиникалық топқа байланысты онкологиялық пациенттерді динамикалық бақылау бойынша шағын тренингтер өткізді.

«Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ докторлары облыстың онкологиялық орталығының медицина қызметкерлерімен бірлесіп алғаш рет көмей ісігін жою бойынша операция - ларингэктомия жүргізді, сондай-ақ орталықта ең аз инвазивті хирургиялық араласулар, оның ішінде өкпе және өңеш ісіктері кезінде жүргізу басталды, сондай-ақ онкогинекологиялық және онкоурологиялық аурулар жағдайларда ең аз инвазивті хирургияны енгізу жоспарланған.

«Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ мамандары неонатологтар мен кардиологтарға «Жаңа туған нәрестелердегі жүрек патологиясын ерте диагностикалау» тақырыбында мастер-класс сабағын өткізді, сондай-ақ балалардағы жүрек патологиясын диагностикалау бойынша ультрадыбыстық диагностика мамандары оқытылды.