ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНДА ДӘРІЛІК САЛАДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР БОЙЫНША КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНДА ДӘРІЛІК САЛАДАҒЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАР БОЙЫНША КЕЛІСІМНІҢ ЖОБАСЫ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының отырысы аясында "Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша келісімге толықтыру енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды.

Осы заң жобасын қабылдау патент иеленушінің айрықша құқықтары шектелген немесе теріс пайдаланылған жағдайда патенттік қорғауы бар заманауи, тиімді дәрілік препараттарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Хаттама мәжбүрлі лицензия бойынша өндірілген дәрілік заттарды жеткілікті өндірістік қуаты жоқ ДСҰ елдеріне экспорттау бөлігінде толықтыруды қамтиды.

Өз кезегінде, Келісім мәжбүрлі лицензия бойынша дәрілік заттарды өндіру, егер ол негізінен ішкі нарық үшін жүзеге асырылса ғана мүмкін болатынын көздейді.

Патентпен қорғалатын дәрілік затқа мәжбүрлі лицензия берілуі мүмкін, бұл патент иесінің рұқсатынсыз оны жаппай өндіру мүмкіндігін білдіреді. Мұндай мүмкіндік елдегі төтенше жағдай немесе басқа да аса қажет жағдайлар кезінде пайдалану үшін көзделеді.

Қазақстан өзінің Патенттік заңында мұндай лицензия Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес өндірістік қуаты жоқ немесе жеткіліксіз болып табылатын аумаққа экспорттау мақсаттары үшін дәрілік затқа сұралатын жағдайларды қоспағанда, кез келген мәжбүрлеу лицензиясы бірінші кезекте елдің ішкі нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін берілуі тиіс деп көздеді.

Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде зияткерлік меншік саласындағы базалық шарт зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім болып табылады.