СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА СУДЫҢ САПАСЫ ҚАЛЫПТЫ ШЕГІНДЕ ҚАЛАДЫ

СУ ТАСҚЫНЫ ЖАҒДАЙЫНДА СУДЫҢ САПАСЫ ҚАЛЫПТЫ ШЕГІНДЕ ҚАЛАДЫ

Аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының мамандары су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі халыққа берілетін судың сапасына мониторинг жүргізеді.

Мониторинг барысында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен санитариялық-химиялық, микробиологиялық талдауларға сынамалар алынды.

Су тасқыны басталғаннан бері орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау көздерінен 6 мыңнан астам ауыз су сынамасы алынды.

Зерттеу нәтижелері бойынша бүгінгі таңда инфекциялық  аурулардың таралу жолымен туындау қаупі өте төмен. Су қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері  Денсаулық сақтау министрлігінің күнделікті бақылауында.