ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫ БОЙЫНША ҚОЛАЙСЫЗ ЕЛДЕРГЕ БАРУ КЕЗІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

ТЫРЫСҚАҚ АУРУЫ БОЙЫНША ҚОЛАЙСЫЗ ЕЛДЕРГЕ БАРУ КЕЗІНДЕГІ ҰСЫНЫМДАР

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде мынадай кеңес береді:
 
•⁠ ⁠қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;
 
•⁠ ⁠әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;
 
•⁠ ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;
 
•⁠ ⁠жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;
 
*тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;
 
•⁠ ⁠тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;
 
•⁠ ⁠аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек!