ҚОСТАНАЙДА АЛТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ҚОСТАНАЙДА АЛТЫ ЖЫЛДАН КЕЙІН АЛҒАШ РЕТ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Бүгін Қостанай облыстық ауруханасының перинаталдық орталығында үшем салтанатты түрде шығарылды. Абдрахмановтардың отбасында Айару, Ардан және Арлан есімді екі ұл мен қыз дүниеге келді.

"Мен дәрігерлерге өте ризамын-деді үшемнің анасы Ақшагүл Әбдірахманова. Мен 5 бала туғаныма қарамастан, бұл жүктілік ерекше болды. Маған бүкіл жүктілік кезеңінде қолдау көрсетілді.  Перинаталдық орталықтың медицина қызметкерлерінің адалдығы мен адамгершілігі мәңгі есімде қалады. Дәрігерлер, мейіргерлер мен санитарлар сіздерге басымды иемін. Сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңыз баға жетпес", - деп жылы лебізін білдірді перзентханадан шыққаннан кейін көп балалы ана.

Соңғы 6 жылдың ішінде бұл Қостанайдағы алғашқы үшем, бұл қала өміріндегі сирек кездесетін қуанышты оқиға. 

Осындай отбасының толығуы құрметіне қала әкімі отбасы мен жаңа туған нәрестелерге облыс орталығындағы жаңа пәтердің кілттерін табыс етті.