СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ КӨПТЕГЕН ИНФЕКЦИЯЛАР БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БОЛЫП ҚАЛУДА

СУ ТАСҚЫНЫ КЕЗІНДЕ КӨПТЕГЕН ИНФЕКЦИЯЛАР БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ТҰРАҚТЫ БОЛЫП ҚАЛУДА

2024 жылы көптеген инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдайы тұрақты. Республика халқы арасында жүргізіліп отырған профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 42 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, дифтерия, полиомиелит сібір жарасы, іш сүзегі, құтырма, туляремия, сіреспе тіркелген жоқ.

26 инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция 5 есеге, скарлатина 27,5%-ға (жиырма жеті бүтін оннан бес пайызға), бруцеллез 25%, ротавирустық инфекция 23%-ға, эхинококкоз және лямблиоз 21% -ға, энтеробиоз 15,5%-ға, сальмонеллез 9%-ға төмендеді. 2024 жылғы наурызда ақпанмен салыстырғанда қызылшамен ауыру 33%-ға төмендегені байқалады.