ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДДҰ АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТЕР» ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МЕН ДДҰ АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫНДАҒЫ СЕРІКТЕСТЕР» ФОРУМЫН ӨТКІЗДІ

Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен алғаш рет негізгі серіктестер, дипломатиялық корпус және халықаралық ұйымдар, донор елдер, сараптамалық агенттіктер өкілдерінің қатысуымен «Денсаулық жолындағы серіктестер» форумы өтті.

Дүниежүзілік денсаулық күні қарсаңында ұйымдастырылған форумның тақырыбы мен міндеті денсаулық сақтаудың ұлттық басымдықтарын, медициналық көмек және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту саясаты мен стратегиясын талқылау, іске асырылып жатқан бастамалар мен жоспарланған жобаларды халықаралық әріптестермен табысты іске асыру мақсатында өзара іс-қимылды үйлестіру болып табылады.

Денсаулық сақтау министрі форумға қатысушыларды құттықтай отырып, «Ағымдағы жылы Мемлекет Басшысы Үкімет алдына экономикалық тұрақты және дамыған мемлекет құру үшін әлеуметтік, экономикалық және басқа да салаларда бірқатар биік мақсаттар қойды, Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайтуға ерекше мән беріледі. Біз жаһандық қауымдастық айқындаған орнықты даму мақсаттарының маңыздылығын және 2030 жылға қарай оларға қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимылдарды күшейтудің өзектілігін мойындаймыз. 7 сәуір, біз биылғы жылы «Менің денсаулығым – менің құқығым» ұранымен өтетін Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеміз. Денсаулық күні қазіргі заманғы жаһандық сын - қатерлерді, төтенше жағдайлар мен әскери қақтығыстарды, сондай-ақ елдердің кез келген жағдайда медициналық қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге деген жалпыға бірдей ұмтылысы ескеріледі», - деп атап өтті.

Сондай-ақ, Министрдің айтуынша, Қазақстан ДДҰ-ның әрбір адамды қай аймақта жүрсе де, сапалы медициналық қызмет көрсетумен, ағарту мен ақпаратпен, сондай-ақ қауіпсіз ауыз сумен, таза ауамен, тиісті тамақтанумен, экологиялық жағдайды және кемсітушіліктен бостандықты және т. б. құқықтарды қамтамасыз етуді қолдайды.

Пандемия кезеңінде 20 мемлекет тарапынан өзара қолдаудың рөлі ерекше атап өтілді. Одан басқа, денсаулық сақтау саласында Еуропалық Одақпен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықтың үлгісі нефрологиялық және онкологиялық көмек көрсетуде, технологияларды беру саласында, инновациялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруда, телемедицинаны дамытуда қолдау көрсету болып табылады.

Франция, Швеция, Жапония, АҚШ сияқты елдермен жоғары технологиялық медициналық жабдықтарды өндіру, фармацевтика индустриясын дамыту, білім беру бағдарламаларын іске асыру және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастық перспективалары кеңеюде.

«Еуропалық одақ өкілдігі ЕО мен Қазақстан арасындағы экономикалық, саяси және мәдени қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуда. Адами капиталды дамытуға салынатын инвестицияларға ерекше көңіл бөлінеді, оның маңызды бөлігі білім беру және сапалы денсаулық сақтау болып табылады. ЕО пандемия кезеңінде басталған Қазақстанда денсаулық сақтаудың тұрақты жүйесін дамытуға арналған бағдарламаларды қаржыландыруды жалғастыруда. Біз денсаулық сақтау, халықты иммундау, цифрландыру, соның ішінде қыздар арасында АПВ-ға қарсы вакцинаны енгізу саласында жобалардағы қолдауға үнемі дайынбыз», - деп атап өтті Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі Кестутис Янкаускас.

ҚР мен ЕО арасындағы екіжақты қатынастарға 2025 жылға дейін келісуге бағытталған Жол картасының жобасы жаңа серпін береді деп күтілуде.

«Биылғы жылы Дүниежүзілік денсаулық күнінің тақырыбы «Менің денсаулығым — менің құқығым» деп таңдалғаны кездейсоқ емес. Бұл әлемдік қоғамдастыққа әрбір адамның сапалы медициналық көмек пен қызмет алуға құқығы бар екенін тағы да еске салу мүмкіндігі. Осы мақсатқа жету үшін денсаулық сақтау саласындағы серіктестер мен донорлардың қолдауы маңызды рөл атқарады. Форум барлық мүдделі сарапшылар үшін ортақ мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу жолдарын талқылау алаңы болады. Бірлескен күш - жігер мен тәжірибе алмасу бізге әрбір қазақстандықтың денсаулығы мен әл-ауқатын жақсартуға қолдау болады деп сенемін», - деп атап өтті ДДҰ-ның Қазақстандағы өкілі доктор Скендер Сыла.

Қатысушылар одан арғы ынтымақтастық қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және қорғауға, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын іске асыруға қолдау көрсетуге бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендіктерін білдірді.