СУ БАСҚАН АУДАНДАРДЫҢ 19 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

СУ БАСҚАН АУДАНДАРДЫҢ 19 МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Су басқан аудандарда тынымсыз қажырлы, адал еңбектері үшін Денсаулық сақтау министрінің алғыс хатымен төрт өңірдің яғни Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының 19 медицина қызметкері марапатталды.

Министр барлық дәрігерлерге, фельдшерлерге, мейіргерлерге шын жүректен алғысын білдірді. Олар далалық жағдайларға қарамастан, өздерінің кәсіби борышына адал бола білетін қызметкерлер, су басқан аудандардың тұрғындарын медициналық көмексіз қалдырмады.

Ведомство басшысы Ақтөбе облысы Нұра кентінде егіз нәрестені дүниеге әкелген тұрғынға көмек көрсеткен ауылдық амбулаторияның дәрігерлері мен мейіргерлерінің нағыз кәсіби білікті маман екендерін атап өтті.

Олар жалпы практика дәрігері Сауия Жамбылқызы Сатаева, мейіргерлер Айжан Қайырбекқызы Алханова және Айару Батырбекқызы Молшылық, аудандық гинеколог дәрігер Мейрамгүл Бақытқызы Нұрғалиева.

Министр осындай қиын күндерде бірлік пен өзара көмек қана барлық қиындықтарды жеңуге көмектесетінін, дәрігерлердің халық денсаулығын сақтауда аянбай қызмет ететінін атап өтті.

Елімізде су тасқыны кезінде дәрігерлер 24 әйелді босандырып алды, барлық әйелдер мен балалардың жағдайы тұрақты. Су тасқынынан ең көп зардап шеккен өңірлерде балалардың ауруханаға түсу жағдайлары анықталған жоқ.