БЮРОКРАТИЯ АЯСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕВИЗИЯ ЖҮРГІЗУДЕ

БЮРОКРАТИЯ АЯСЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕВИЗИЯ ЖҮРГІЗУДЕ

Денсаулық сақтау саласындағы нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер енгізіледі.

«Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдарға жеделдік мақсатында Үкімет немесе мемлекеттік органдар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде айқындауға тиіс нормалардың артық (шамадан тыс) заңнамалық регламенттелуін болдырмау тұрғысынан заңнамалық актілерге ревизия жүргізу тапсырылды.

Енгізілген өзгертулер заңдарды қажетсіз нормалардан «алып тастауға» және заңға тәуелді актілер деңгейінде олардың нормативтік реттеу бөлігінде елде болып жатқан өзгерістерге тезірек ден қоюға мүмкіндік береді.

Заң жобасы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді, сондай-ақ, оларды жетілдіруге бағытталған және ревизияны ескере отырып, тиісті саланы реттеудің негізгі мақсаттарын, міндеттерін, құзыреттілік қағидаттары мен өкілеттіктерін, алқалы шешімді талап ететін және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша Үкіметтің құзыретін қамтитын болады.

Сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың НҚА қабылдауға жалпы құзыретіне бақылау-қадағалау функциялары, бюджет қаражатын жұмсауды көздейтін жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың функциялары кіреді.