СУ ТАСҚЫНЫ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ: ХАЛЫҚҚА БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

СУ ТАСҚЫНЫ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ: ХАЛЫҚҚА БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

СУ ТАСҚЫНЫ ЖӨНІНДЕГІ ШТАБ: ХАЛЫҚҚА БАРЛЫҚ ҚАЖЕТТІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛУДЕ

Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб апаттан зардап шеккен өңірлерде халыққа медициналық көмек көрсету мәселесін ерекше бақылауда ұстауда.
Медициналық ұйымдар күшейтілген режимде жұмыс істеуде, дәрігерлер мен жедел медициналық жәрдем бригадалары қосымша тартылуда.
Барлық эвакуацияланғандарды дәрігерлер қарап-тексеруде, олардың жағдайы тұрақты, қандай да бір жарақат алу туралы шағымдар түскен жоқ. Жүкті әйелдердің, балалардың жағдайына бақылау жүргізілуде. Босану уақыты таяған әйелдер аудандық және облыстық орталықтарға көшірілді.
Денсаулық сақтау министрлігінде жағдайдың күнделікті мониторингі жүргізілуде. Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындары үшін медициналық және психологиялық көмектің қосымша бригадаларын ашу үшін қызметтердің дайындығы қамтамасыз етілді. Халықты уақытша жинау пункттерінде тәулік бойғы медициналық посттардың жұмысы қамтамасыз етілді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті қорлары дайындалды.
Барлық өңірлерде санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды бақылау және мониторинг күшейтілді.
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде денсаулық сақтау мәселелері бойынша колл-орталықтардың жұмысы бірыңғай алгоритмімен тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауыстырылды.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің халқы денсаулық сақтау басқармаларының Call-орталықтарының келесі нөмірлері бойынша жүгіне алады:
Ақтөбе облысы (+7 (7132) 41 02 13)
Қостанай облысы (+7 (7142) 52 40 70)
Батыс Қазақстан облысы (+7 (7112) 24 00 06)
Қарағанды облысы (+7 (7212) 95 55 59)
Абай облысы (+7 (7222) 56 64 50)
Ұлытау облысы (+7(7102) 99 95 09)
Ақмола облысы (109)