ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАҒИДАТЫН ЕСКЕ САЛДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАҒИДАТЫН ЕСКЕ САЛДЫ

Бүгін Астанада халықпен кездесу барысында Денсаулық сақтау министрі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің басты қағидатын еске салды. 

«МӘМС жүйесі  - жинақтаушы емес және дербес шоттарды көздемейді, бірақ ынтымақтастық қағидаты бойынша жұмыс істейді. Бұл медициналық көмекке жүгінбейтін азаматтардың жарналары жоғалып кетпейді, қайтарылмайды, бірақ емделуге мұқтаж басқа пациенттерге қайта бөлінеді дегенді білдіреді», - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бұл, әсіресе, құны 1 млн. теңгеден 40 млн. теңгеге дейінгі қымбат тұратын медициналық көмек көрсету жағдайларында, жинақтау жүйесі шеңберінде мүмкін емес айрықша технологияларды қолдану жағдайларында өте маңызды, деп қосты Ақмарал Әлназарова.