ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛША БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНУДА

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛША БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНУДА

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛША БОЙЫНША ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТАНУДА

Соңғы 2 айдың ішінде қызылша ауруы 38%-ға төмендеді. Қосымша иммундау шеңберінде вакцинациялауға жататын адамдардың 92%-ы егілді.

Бұл ретте қызылшамен сырқаттанушылықты тіркеу жалғасуда, осыған байланысты ата-аналар балаларында қызылшаға қарсы екпелердің болуын тексеруі қажет.

Вакцинациялау болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша емханада вакцинация алуды ұсынамыз.

 

ҚЫЗЫЛША АСҚЫНУЛАРМЕН ҚАУІПТІ

Қызылшаның белгілері ЖРВИ белгілеріне ұқсас: дене температурасының жоғарылауы; жөтел;  аурудың 4-5 күнінен бастап бөртпе пайда болады.

Қызылша асқынулармен қауіпті: Энцефалит; Пневмония; Отит.

 

ҚЫЗЫЛШАНЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫНЫҢ ЖАЛҒЫЗ СЕНІМДІ ҚҰРАЛЫ – УАҚТЫЛЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ.

Вакцинациялау 1 және 6 жастағы балаларға жүргізіледі.

Вакцинациялау арқылы -  балаларыңызды қызылшаның ауыр түрінен және оның салдарынан қорғайсыз.

 

ҚАЗАҚСТАНДА ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ДДҰ СЕРТИФИКАТТАЛҒАН ҚАУІПСІЗ ЖӘНЕ ТИІМДІ ВАКЦИНА ҚОЛДАНЫЛАДЫ

ҚР-да вакцинаны енгізуге байланысты иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ. Күтілетін реакциялар – дене температурасының қысқа мерзімді жоғарылауы, вакцина енгізілген жердің қызаруы, ісінуі тіркеледі.