ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЕЛОРДА СТАЦИОНАРЛАРЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН БІРҚАТАР ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ЕЛОРДА СТАЦИОНАРЛАРЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІМЕН БІРҚАТАР ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова елордалық бірқатар медициналық нысандарды аралады.

Маршруттың басында ведомство басшысы жылына 30 мыңға жуық пациент емделетін 448 төсекке есептелген Астана қаласының №3 көпбейінді қалалық ауруханасының жұмысымен танысты.

Стационар дәрігерлерімен ғимараттың тозуына, қымбат жабдықтарды техникалық сүйемелдеуге, медициналық көмектің жекелеген түрлеріне тариф белгілеуге байланысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Орташа жүктеме мен қаржы шығындарының көлеміне талдау жүргізу тапсырылған жарақат пункттерінің жұмысына жеке тоқталды.

Осыған ұқсас негізде стационарлардағы қабылдау бөлімшелерінің жағдайы қарастырылды, онда талдау жүргізіліп, жинақталған мәселелердің нақты шешімдері шығарылады.

№1 көпбейінді қалалық ауруханаға барған кезде кредиторлық берешектің пайда болу себептері және оны өтеу, қаражатты ұтымды пайдалану, медициналық ақпараттық жүйелердің дұрыс жұмыс істеуі жөніндегі шаралар егжей-тегжейлі қаралды. 

№15 қалалық емханаға сапары барысында жалпы практика дәрігерлерінің деңгейінде медициналық көмек көрсету, пациенттің маршруттарын оңтайландыру қажеттілігі мен кезектілігі, артық функционалдылықты болдырмау мәселелері көтерілді.

Бұдан әрі министр № 2 қалалық көпбейінді аурухананың клиникалық және акушерлік блоктарының жұмысымен танысты.

Медициналық нысандарды аралау қорытындысы бойынша министр қысқа мерзімде бар проблемаларға талдау жасау және олар бойынша халықты сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін шешімдер табу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.