ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН МЕРЕКЕЛЕУ КЕЗЕҢІДЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН МЕРЕКЕЛЕУ КЕЗЕҢІДЕ  ТАМАҚТАН УЛАНУДЫҢ ПРОФИЛАКТИКАСЫ ШАРАЛАРЫ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТЕДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі наурыз көжесіз, бесбармақсыз,
қазысыз, шұжықсыз, қуырдақсыз, сүт сусындарынсыз, салаттарсыз өтпейтін Наурыз мерекесін мерекелеу қарсаңында тамақтан уланудың профилактикасы шаралары туралы еске салады.

МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАРДЫ ӨТКІЗУ КЕЗЕҢІНДЕ ТАМАҚТАН УЛАНУДАН ЖӘНЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРДАН АУЛАҚ БОЛУ ҮШІН БІРҚАТАР ҰСЫНЫМДАРДЫ ОРЫНДАУ ҚАЖЕТ

ІС-ШАРАЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР МЕН
ҚАТЫСУШЫЛАРҒА:
- тағам өнімдерін дайындау және сату кезінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау қажет;
- үйде дайындалған өнімдерді сатуға тыйым салу қажет;
- сатушылар жеке гигиенаны сақтай отырып, арнайы киімде болуы,
өнімді бір реттік ыдыста сатуы тиіс;
- қалдықтарды жинау орындарын ұйымдастыру және оларды уақтылы
шығару керек.

МЕКТЕПТЕР МЕН БАЛАБАҚШАЛАРДА:
Ата-аналар жұртшылығы мен
білім беру объектілерінің әкімшілігі
түсіндіру жұмыстарын жүргізуі, талаптар мен
сақтау мерзімдері сақталмаған жағдайда улануға әкелуі мүмкін үйде жасалған өнімдерді тұтынуға тыйым салу қажет.