Достар, сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Достар, сіздерді Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Бұл табиғат оянатын, Жаңа жыл басталатын  ежелгі мерекенің жаңаруын, өмірдің салтанатын және  туған жермен үйлесімділікті, қоғамдағы достық пен өзара түсіністікті білдіреді.

Көктемгі күн мен түннің теңелу күні ежелден-ақ адамдардың бір-біріне жақсылық пен амандық, саулық, жаңа бастамаларға сәттілік, арман-тілектердің орындалуын тілейтін тамаша күн болып саналады.

Көктем мен жаңару мерекесі - Наурыз жақсы өзгерістер мен бақытты үміттердің белгісі болсын!

Әрбір қазақстандық отбасына зор денсаулық, әрбір үйге бейбітшілік,  жақсылық тілейміз, аман-есен болып, еліміз өркендей берсін!