ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР АУРУЛАРҒА КҮДІКТІ ПАЦИЕНТТЕР МӘМС-ТЕН ТЫС ЗЕРТТЕЛІП-ҚАРАЛА АЛАДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК МӘНІ БАР АУРУЛАРҒА КҮДІКТІ ПАЦИЕНТТЕР МӘМС-ТЕН ТЫС ЗЕРТТЕЛІП-ҚАРАЛА АЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан, әлеуметтік мәні бар ауруға (ӘМА) күдікті адамдарға медициналық көмек көрсету мақсатында нормативтік базаға өзгерістер енгізеді.

Бұған дейін халықтан диагноз қою мақсатында клиникалық-диагностикалық зерттеулер алу бөлігінде медициналық көмектің қолжетімділігін шектеуге көптеген шағымдар түскен.

Енді ӘМА-ға күдікті адамдарға МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес диагностикалық зерттеулер тегін негізде қолжетімді болады.