ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ БАҚЫЛАУДЫ КҮШЕЙТУДЕ

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау жүйесінде қаржы қаражатын пайдаланудың жоғары тиімділігін қамтамасыз етуді және халықтың медициналық көмекке қанағаттануын арттыруды тапсырды.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі медициналық көмек көрсетуге және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінген қаражаттың мақсатты ұтымды пайдаланылуына бақылауды күшейту жөнінде шаралар қабылдауда.

Медициналық ұйымдардағы тексерулер нәтижесінде қаржылық тәртіпті бұзу, жымқыру және негізсіз жалақы мен сыйлықақы төлеу фактілері анықталды.

Анықталған бұзушылық фактілері бойынша бірқатар лауазымды тұлғалар жұмыстан босатылғанға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал жекелеген фактілер бойынша материалдар қылмыстық қудалау үшін құқық қорғау органдарына берілді.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен басқа да құрылымдарды белсенді тарта отырып, осы бағыттағы жұмыс жоспарын бекітті.

Бұл іс-шаралардың түпкі мақсаты денсаулық сақтау жүйесіне мемлекеттік қолдаудың қайтарымын арттыру, пациенттер мен азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады.