АПВ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ОНКОЛОГИЯНЫҢ ӨСУІН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН

АПВ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ОНКОЛОГИЯНЫҢ ӨСУІН ТОҚТАТУЫ МҮМКІН

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялаудың көмегімен жатыр мойны обырының жиілігін айтарлықтай төмендетуге болады, деп есептейді ДДҰ Қазақстандағы өкілі.

«Қаржылық тиімді және дәлелді медициналық-санитариялық іс-шараларды, соның ішінде қыздарды адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауды, сондай-ақ обыралды зақымданулардың скринингі мен емдеуді жүргізу және обырдың инвазивті түрлерін диагностикалау мен емдеуге қолжетімділікті кеңейту арқылы біз жатыр мойны обырын қоғамдық денсаулық проблемасы ретінде жоя аламыз және бұл ауруды өткен кезеңге қалдыра аламыз. Жатыр мойны обырынан бірде-бір әйел өлмеуі керек. Біздің күш-жігерімізді біріктірейік. Жатыр мойны обырын жоюға  барлық елдердің күші жетеді», - деп атап өтті ДДҰ-ның ҚР-дағы елдік офисінің басшысы Скендер Сыла, АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша семинар-тренингке қатысушыларға сөйлеген сөзінде.