АСТАНАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

АСТАНАДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АПВ-ҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША СЕМИНАР-ТРЕНИНГ БАСТАЛДЫ

Бүгін Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық иммундау бағдарламаларының басшылары, жетекші клиницистер, республикалық және өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтауды ұйымдастырушылар үшін ДДҰ-ның адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау мәселелері жөніндегі апталық республикалық семинар-тренингі басталды.

Семинардың қатысушыларына АПВ-ға қарсы вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі, онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обырының профилактикасы,  вакцинациялауға деген сенім туралы жаңартылған ақпараты бар оқу модульдері ұсынылды.

«Бүгінгі таңда иммундау еліміздің халық денсаулығын сақтау саласындағы ұлттық саясаттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. АПВ-ға қарсы вакцинациялау адам папилломасы вирусымен зақымдану деңгейін және онкологиялық аурулардың, әсіресе жатыр мойны обырының (ЖМО) дамуын төмендетеді. Қазақстанда жыл сайын ЖМО-ның 1900-ге жуық жаңа жағдайы тіркеледі, бұл аурудан жыл сайын 600-ден астам әйел қайтыс болады», - деп атап өтті ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова.