Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Денсаулық сақтау министрлігінде әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

"Медицина қызметкерлерінің басым көпшілігі әйелдер мен қыздар, сондықтан көктемгі мереке қарсаңында біздің нәзік жандарға отбасыларының амандығын, мықты денсаулық тілеймін және халқымыздың денсаулығы үшін атқарып жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын", - деп атап өтті ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова салтанатты жиналыста.

Сіздердің күндеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын, өйткені біздің пациенттердің көңіл-күйі сіздердің шынайы қамқорлықтарыңызға, мейірімдеріңіз бен кәсіби шеберлігіңізге байланысты!

Бүгін ведомствоның бірқатар еңбек сіңірген денсаулық сақтау қызметкерлері грамоталармен марапатталып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.