ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ҚАРАҒАНДЫДА ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУЛЕР ӨТКІЗДІ

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова халықпен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке қабылдады және Қарағанды медициналық университетінің базасында БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

«Денсаулық сақтау жүйесіндегі біздің міндетіміз – медициналық қызметтердің көлемін арттыру ғана емес, ең алдымен олардың сапасын қамтамасыз ету. Біз емханалардағы жалпы практика дәрігерлеріне жүктеме көтерілмейтінін көріп отырмыз, пациентті емдеуге аз уақыт қалады, оны өзіне тән емес функциялардан босатып, учаскелердегі дәрігерлердің еңбегін ынталандыру шарттарын қайта қарау қажет», - деп атап өтті ведомство басшысы өңір тұрғындарының алдында сөйлеген сөзінде.

Министр жас зерттеуші ғалымдарды, медицина университетінің студенттері мен профессорларын мектептегі тамақтануды құнарландыруға назар аударуға, балалардың денсаулығына пайдалы диета әзірлеуге шақырды.

Кездесу барысында өңір тұрғындары сирек кездесетін аурулары бар балаларға медициналық көмек көрсету, мобилділігі төмен пациенттерді оңалту, аутизм спектріндегі балаларды инсулин помпаларымен қамтамасыз ету, ауылдағы жедел жәрдем паркін жаңарту бойынша сұрақтар қойды.

Министр жұртшылыққа арнаған сөзінде ведомствоның медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік беретін сындарлы диалогқа, ұсыныстар мен бастамаларға ашықтығы мен дайындығын атап өтті.