ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕСТЕ БОЛЖАМ МЕН ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ

ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУЛАРМЕН КҮРЕСТЕ БОЛЖАМ МЕН ПРОФИЛАКТИКА ЖҮЙЕСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАЖЕТ

Болжамды, профилактиканы, диагностиканы және емдеуді қоса алғанда, қауіп факторларын және аурулардың жалпы ауыртпалығын эпидемиологиялық қадағалау жүйесін құру арқылы инфекциялық емес аурулардың ауыртпалығын төмендету басым міндеттердің бірі болып табылады, деп атап өтті бүгін ведомство алқасының кеңейтілген отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар туралы айта келе, министр эпидемиологиялық бақылау бөлігіндегі жүйелі кемшіліктерге назар аударды.

«Осыған байланысты: инфекциялық ауруларды болжамдау және бақылау жүйесін күшейту; нақты уақыт форматында температуралық режимді бақылау мүмкіндігімен профилактикалық егулер мен вакциналар қозғалысын есепке алуды цифрландыруды қамтамасыз ету, денсаулық сақтаудың барлық деңгейлерінде медицина қызметкерлерін оқытуды жолға қою, мүдделі органдармен және ведомстволармен бірлесіп басқарылатын инфекциялардың профилактикасында вакцинациялаудың маңыздылығы туралы халықты кеңінен хабардар етуді қамтамасыз ету қажет деп санаймын»,- деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.