ХАЛЫҚТЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САПАСЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛА ОТЫРЫП ҚАЙТА ҚАРАЛАТЫН БОЛАДЫ

ХАЛЫҚТЫ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САПАСЫНА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛА ОТЫРЫП ҚАЙТА ҚАРАЛАТЫН БОЛАДЫ

Денсаулық сақтау министрлігі амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін оңтайландыру бойынша жұмысты бастады, онда препараттардың сапасын бақылау басты басымдыққа айналады, деп хабарлады бүгін кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова.

Ол соңғы жылдары 2 еседен астам өскен АДҚ шығындарының өсуі үлкен алаңдаушылық туғызатынын атап өтті. Бұл ретте 41 нозология бойынша пациенттер тек 50%-ға қамтамасыз етіледі.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету көлемінің жалпы өсуіне қарамастан, өкінішке орай, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін пациенттерді емделуге жатқызу деңгейі төмендемейді.