ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЖҮЙЕЛІ ШАРАЛАРДЫ ҰСЫНАДЫ

Мемлекеттік медициналық ұйымдардың қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін жақын арада, сондай-ақ 82 млрд.теңге сомасына 400-ден астам медициналық ұйымның созылмалы несиелік берешегінің пайда болу себептерін түсіну қажет, деп атап өтті бүгін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында.

Тарифтерді қалыптастырудың жетілмеген жүйесі, медициналық көмек көлемін айқындаудың ашықтығы қалыптасқан жағдайдың негізгі себептеріне айналды.

Министрдің айтуынша, бірінші жартыжылдықта босатылған қаражатты басым бағыттарға қайта бөле отырып, емдеу-диагностикалық процестерді оңтайландыру жүргізіледі, медициналық көмектің көлемін, шығыстарды және тарифтік саясатты жоспарлаудың бірқатар мемлекеттік функцияларын Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару жоспарлануда.

Сондай-ақ, медициналық ұйымдардың басшылары өз кәсіпорындарының рентабелділігі мәселесін шешуі керек, ал несиелік берешектің пайда болу жағдайлары егжей-тегжейлі тексеріліп, кінәлі тұлғалар жауапқа тартылады.