ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДЕУ МЕН АШЫҚТЫҚҚА НАЗАР АУДАРУ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ РЕСУРСТАРДЫ ҮНЕМДЕУ МЕН АШЫҚТЫҚҚА НАЗАР АУДАРУ

Бүгін Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында соңғы уақытта Мемлекет басшысының Елеулі сынына ұшыраған саланың жүйелі мәселелері қаралды. 

«Саланы қаржыландырудың бірнеше есе өсуіне қарамастан, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігінің айтарлықтай артуы байқалмайды. Сапасыз медициналық қызметтерге, медициналық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктерге, этика мен деонтологияның бұзылуына шағымдар мен өтініштер саны артып келеді. Шағымдардың ең көп саны Алматы облысында, Жетісу және Абай облыстарында байқалды», - деп атап өтті ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова алқа отырысында.

Өткен жылы 2,6 трлн теңгеге жеткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілген сәттен бастап медициналық көмек көрсетуге жұмсалатын шығындардың өсіп келе жатқанына назар аудара отырып, сақтандырылған тұлғалардың тегін медициналық көмекке қолжетімділігінің шектелуі, «қалта» шығыстарының жоғары үлесі сақталатыны атап өтілді.

«Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін медициналық көмек көрсету жүйесін жаңғырту, ресурс үнемдеуге және азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қаржы қаражатын пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, ұтымдылығын қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қажет», - деп атап өтті министр.