ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚР-ДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН БІРГЕ СҚО-ДА ТЕЛЕМЕДИЦИНА КЕШЕНІН ІСКЕ ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСШЫСЫ ФРАНЦИЯНЫҢ ҚР-ДАҒЫ ЕЛШІСІМЕН БІРГЕ СҚО-ДА ТЕЛЕМЕДИЦИНА КЕШЕНІН ІСКЕ ҚОСУҒА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Францияның ҚР-дағы Елшісі Дидье Канесс мырзамен бірлесіп өңірлік медициналық ұйымдардың базасында жаңа телемедициналық кешендерді іске қосу үшін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.  

Бұрын Франция Үкіметі жеке секторды зерттеу және көмек қоры (FASEP) шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы үшін телемедицина саласындағы пилоттық жобаны іске асыруға 650 мың еуро көлемінде грант бөлгені хабарланған болатын. Солтүстік Қазақстандағы телеконсультациялардың пилоттық жобасы СҚО ауыл тұрғындары үшін бейінді медицина мамандарының консультацияларына қолжетімділікті жақсартуға бағытталған.

Бүгінгі таңда облыстың медициналық ұйымдарында шалғай аудандарға бейімделген 16 «LIMSTAR» телеконсультациялық кешені және олармен байланысты диагностикалық аспаптар орнатылды. Бұл жабдық ауылдық жерлердегі пациенттерді, ал бұл 6 ауданаралық аурухананы, 8 амбулаториялық орталықты, Солтүстік Қазақстан облысындағы 2 медициналық пунктті Петропавлдағы жалпы және мамандандырылған медицина (гинекология, акушерлік, кардиология, ЛОР, дерматология,офтальмология, вирусология) бойынша екі облыстық көпсалалы аурухананың (ересектер мен балалар) бейінді дәрігерлерімен байланыстыра алады.

Сапар басында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы А.Ғиният, Елші Д. Канесс мырза, «C3medical» (Франция) компаниясының өкілдері, облыс басшылығы Петропавлдағы көпбейінді облыстық аурухана базасында телемедициналық кешеннің мүмкіндіктерімен танысты.

 «LIMSTAR» ТМК пациент пен дәрігерге, тіпті медициналық датчиктерді пайдаланған кезде де бейне режимінде жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кеңейтілген клиникалық тексеру мүмкіндіктерін ұсынады. Кешен ЭКГ, ультрадыбыстық сканер, дерматаскоп, қол камерасы, отоскоп және стетоскоп сияқты әртүрлі медициналық датчиктермен жабдықталған.

Жоба сонымен қатар шешімді пайдалануға қатысатын дәрігерлік және фельдшерлік бригадаларды қолдау мен оқытуды, сондай-ақ Денсаулық сақтау министрлігімен телеконсультацияға байланысты нормативтік базаны анықтау және әзірлеу бойынша жұмысты қамтиды.

Жобаның шеңберінде өткен жылдың қазан айында Францияның медициналық телеконсультациялар жүйесін орнатуға және пайдалануға қатысқан Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен медициналық топ осы жүйені енгізу бойынша өндірістік рәсімдерді үйрету үшін Францияда оқудан өтті.

Содан кейін делегация Тайынша көпбейінді ауданаралық ауруханасына барды, онда жаңа жабдықтар арқылы телемедициналық консультациялардың сеанстары да көрсетілді.

LIMSTAR телемедициналық кешендері СҚО-ның  Айыртау, Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Тайынша, Уәлиханов және Жамбыл елді мекендерінде орналасқан.

Министр ауыл халқына сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттің ерекше басымдылығын атап өтті, оның үлесі еліміздің 41%-ын немесе 7,8 млн.астам тұрғынын құрайды.

 Шалғайдағы ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін бүгінде көліктік медицина жұмыс істейді, ауылдық медициналық ұйымдарда дәріхана пункттері құрылуда, әкімдіктермен бірлесіп ауылға кадрлар тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде жаңа медициналық объектілер салынуда.

«Медициналық ұйымдарда қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетуге, пациенттердің денсаулық жағдайына қашықтықтан мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін әртүрлі цифрлық шешімдер енгізілуде. 2023 жылы халыққа 1,5 млн. қашықтықтан медициналық қызмет, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында-4 443 қызмет көрсетілді. Қашықтықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейту үшін «С3 Medical» пилоттық жобасын іске асыру бүкіл халықты сапалы медициналық қызметтермен көбірек қамту үшін өзекті», - деп атап өтті А.Ғиният.  

Министр Франция Үкіметіне осы жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, елдердің арасындағы денсаулық сақтау саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға сенім білдірді.