ҚАЗАҚСТАНДА ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР БОЛУДЫ АРТТЫРУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАТЫР МОЙНЫ ОБЫРЫ ТУРАЛЫ ХАБАРДАР БОЛУДЫ АРТТЫРУ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛАДЫ

Бүгін сүт безі обырынан кейінгі онкопатологияның құрылымында жиі кездесетін жатыр мойны обыры туралы хабардар болуды арттыру апталығына арналған іс-шаралар басталады.

Апта ертең, 16 қаңтарда ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, "Қазақ онкология және радиология ҒЗИ" АҚ Басқарма төрағасы, м.ғ. д. Д. Р.Қайдарованың қатысуымен жатыр мойны обырына шалдығу және қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелері бойынша баспасөз конференциясынан басталады.

Жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ден астамИ жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық өлім тіркеледі.

Жатыр мойны обыры - бұл АПВ-дан вакцина алу арқылы алдын алуға болатын онкологиялық аурулардың жалғыз түрі болып табылады. Қазақстанда қыздарды АПВ-ға қарсы вакцинациялау 2024 жылы басталады.

Баспасөз конференциясында спикерлер:

  • ҚР ДСМ бас штаттан тыс онкологы, "Қазақ онкология және радиология ҒЗИ" АҚ Басқарма төрағасы-м. ғ. д. Диляра Қайдарова;
  • Онкология және радиология ҚазҒЗИ онкогинеколог дәрігері, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ онкология кафедрасының доценті - Толқын Садықова;
  • ҚР ДСМ ҚДСҰО "Санэпидсараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы" филиалының директоры, м. ғ. к. Айнагүл Қуатбаева.
  • Жатыр мойны обырын жеңген пациент.

Күні мен уақыты: 2024 жылғы 16 қаңтар (сейсенбі), басталуы 11: 00.

Онкология және радиология ҚазҒЗИ мекенжайы: Алматы қ., Абай даңғылы 91, Шәріпов көшесінің қиылысы (Орталық стадионға қарама-қарсы).

Әкімшілік корпус, 2- қабат, шағын конференц-зал.

Байланыс үшін тіркелу: 8 701 705 78 76 (+WhatsApp).