КІАҒЗИ-ДА КҮРДЕЛІ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЕҢ ЗАМАНАУИ КТ-АППАРАТЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

КІАҒЗИ-ДА КҮРДЕЛІ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ЕҢ ЗАМАНАУИ КТ-АППАРАТЫНДА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ-да (КІАҒЗИ) базасында  Алматы қаласы мен ел өңірлерінің тұрғындары үшін – диагностикасы күрделі аурулары бар пациенттерге республикадағы ең заманауи толық кардиопакеті және 3D-визуализациясы бар премиум-класты КТ-аппараты қолжетімді болды.

Клиниканың рентгенологтары кез-келген зерттеп-қарауды 3 есе жылдам жүргізуге мүмкіндік алды.

«Біздің пациенттер үшін зерттеп-қарау жүргізу барысында жайлылық маңызды. Пациенттер неғұрлым өздерін бос ұстаса, кескін соғұрлым айқын болады, бұл дәл диагноз қоюға және қажетті емдеу туралы бірден шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Пациентке радиациялық әсері де азаяды. Сәулеленудің төмен дозаларында да КТ жүйесінің техникалық және бағдарламалық жасақтамасы диагностикалық КТ арасында жақсы көрсеткіштерді қамтамасыз ететін толық кескіннің жақсы сапасына кепілдік береді», - дейді ҒЗИ Басқарма төрағасы Марат Пашимов.

Үстелдің көтергіштігінің жоғары болуы тіпті салмағы 250 кг ірі пациенттерді орналастыруға мүмкіндік береді, яғни қолын зорға көтеретін пациенттерді сканерлейді (мысалы, семіздіктен зардап шегетіндер, қарт адамдар немесе жарақат алған пациенттер).

Одан басқа, Қазақстанда алғаш рет КІАҒЗИ клиникалық-диагностикалық зертханасында cobas pure жүйесінің инсталляциясы өтуде.

Зертханалық зерттеулер аурудың профилактикасы, диагностикалау, емдеу және басқару тәсілі үшін маңызды. Жаңа  жүйе тест нәтижелерін қысқа мерзімде алуға мүмкіндік береді.

Бірінші басшының айтуынша, бүгінде зертхана мамандарының алдында адам өміріне әсер ететін зерттеу нәтижелерін тез, дәл және тиімді ұсыну міндеті тұр. Бұл жүйе медициналық талдаулардың кең спектрін ұсынады, операцияларды жеңілдетеді және зертханашылардың жұмыс уақытын қысқартады.

Бірыңғай платформада 3 технология шоғырландырылған: клиникалық химия, иммунологиялық талдау және ионоселективті электродтармен диагностикалық тестілеу (ISE). Жүйе биохимиялық, иммунохимиялық және ISE тестін жасауға мүмкіндік береді, бұл 230-дан астам тест, соның ішінде бірегей клиникалық маңызды талдауларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жаңа жүйе инфекциялық аурулар, онкология және кардиологияны қоса алғанда, әртүрлі аурулар бойынша 186-дан астам тестіге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, аллергодиагностиканың «алтын стандарты» - «ImmunoCAP» аллергокомпоненттерінің прогрессивті жүйесін қолданылады.

Аллергиялық және аутоиммундық генез аурулары бар пациенттерді диагностикалауға арналған «Phadia 250» автоматты ИХЛ-анализаторы Еуропаның жетекші ғылыми медициналық орталықтарының сеніміне ие болды, олар аллергиялық және аутоиммундық ауруларды диагностикалау жөніндегі жұмыстарында «Rhadia» анализаторларында алынған деректерді негізге алады.

 Жүйе зертханаларға өз кеңістігін жақсырақ пайдалануға және пациенттердің мүддесі үшін жоғары тиімді медициналық сынақтардың ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Соңғы буын кардиологияның барлық талаптарына сай ультрадыбыстық диагностикалық жүйесі де орнатылған. Ол басқа стандартты ультрадыбыстық жүйелерден эхокардиографиядағы көлемді деректерді бағалау үшін премиум диагностикалық сапасымен ерекшеленеді, тіпті күрделі пациенттермен жұмыс істегенде де диагностикалық сенімділікті арттырады.

Осы аппараттың көмегімен біз диагностиканың сапасын арттыра аламыз, ультрадыбыстық зерттеулердің ең күрделі түрлерін жүргізе аламыз», - деп атап өтті функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Ақжан Қонысбекова.