ҚР ДСМ ШТАТТАН ТЫС РЕВМАТОЛОГЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҚТӨБЕДЕ РЕВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚАРАЛДЫ

ҚР ДСМ ШТАТТАН ТЫС РЕВМАТОЛОГЫНЫҢ ҚАТЫСУЫМЕН АҚТӨБЕДЕ РЕВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ҚАРАЛДЫ

Ревматологиялық қызметті жетілдіру және өңірлерге ұйымдастыру-әдістемелік көмек көрсету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс ревматологы Ғалымжан Тоғызбаев Ақтөбе өңіріне барды.

Сапар барысында жергілікті ревматологиялық қызметтің жұмысына талдау жасалды, сондай-ақ Ақтөбе медициналық орталығының базасында өңірлік ревматологиялық орталықты ашу, гендік-инженерлік биологиялық терапияны жүргізу үшін ревмобейінді пациенттерді іріктеу мониторингі мәселелері және қызметтің басқа да өзекті мәселелері қаралды.

2023 жылдың басынан бастап Ақтөбе облысы бойынша тірек-қимыл жүйесі және дәнекер тінінің жүйелік аурулары бар 3538 пациент Д есепте тұр. Ревматологиялық аурулары бар пациенттер стационарлық көмекті АМО терапия бөлімшесінде алады, онда 26 төсек, оның ішінде 6 ревматологиялық төсек орналастырылған. Практикалық көмек көрсету шеңберінде пациенттерге консультация беру, "Ревматолог мектебі" және дөңгелек үстел өткізілді, штаттан тыс маман М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде болды.