Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 23-24 қараша аралығында Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді, онда облыстық балалар ауруханасына барып, медициналық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізеді.
Министрдің бағдарламасында өңірдің тұрғындарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, жергілікті мәслихат депутаттарымен және азаматтық белсенділермен дәстүрлі кездесулер өткізіледі.
Ведомство басшысы жергілікті және республикалық БАҚ журналистерінің сұрақтарына жауап береді, азаматтарды жеке қабылдауды өткізеді.
Денсаулық сақтау министрінің Қостанай облысына жұмыс сапары шеңберінде 23-24 қараша аралығында өңір халқына клиникалық-диагностикалық және емдік көмек көрсету үшін республикалық ҒЗИ, ғылыми орталықтар мен медициналық жоғары оқу орындарының жетекші бейінді мамандарының шығуы жоспарланған.
Дәрігерлер бригадасында - ревматология (ересектер), анестезиология реаниматология, терапия, травматология және ортопедия, балаларды оңалту, акушерлік және гинекология, педиатрия, неонатология, онкогематология (балалар), неврология (балалар), ЛОР-онкология, онкоурология, нейрохирургия (ересектер), онкохирургия:
Екі күннің ішінде мамандар түрлі аурулары бар пациенттерге консультациялық қабылдаулар өткізеді, сондай-ақ бейінді қызметтердің өзекті мәселелері бойынша оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер, дәрістер ұйымдастырылады.