Бүгін Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді.
Вице-министрдің өңірдегі бағдарламасы республикалық және өңірлік БАҚ үшін брифингтен басталды.
Журналистерді МӘМС, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, коронавирус пандемиясының ықтимал даму перспективалары, ауруханалардың техникалық жарақтандырылуын бағалау өлшемшарты, «екпеге қарсылар» деп аталатындармен жұмыс, дәрігердің қабылдауын ұйымдастырудың кюар арқылы өту жүйесі және т.б. мәселелер қызықтырды.
Барлық сұрақтар бойынша спикерлер толық жауаптарды берді.
Бұдан әрі, Өскемен қаласындағы облыстық ауруханаға бару барысында вице-министр Мемлекет басшысы айқындаған салалық мәселелер бойынша денсаулық сақтау мамандарымен пікір алмасты.
Медициналық мекемеге сапары аяқталғаннан кейін вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір халқын қызылшаға қарсы вакцинациялау, балаларға арналған оңалту орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және тыныс алу ағзаларының созылмалы ауруларымен санаторийлік-курорттық емдеу, «Целиакия» ауруын орфандық аурулар мен ТМККК тізбесіне енгізу мүмкіндігі сияқты мәселелер қызықтырды. Барлық мәселелер бойынша азаматтарға консультациялық көмек көрсетілді.
Әрі қарай вице-министр өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен кездесу өткізді. Вице-министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтауды дамытудың бірнеше басым бағыттарын атап өтті, бұл медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарында медициналық қызметтерді қамтуды кеңейту, ауыл медицинасын дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес денсаулық сақтау министрлігі «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасын әзірледі.
Жету қиын ауылдық елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін 149 жылжымалы медициналық кешеннің әлеуеті кеңінен қолданылады.
Шығыс Қазақстан облысында 7 ЖМК жұмыс істейді. 2023 жылы 45 мыңнан астам ауыл тұрғыны қамтылды, ағымдағы жылдың соңына дейін 46 мың ауыл тұрғынын қамту жоспарлануда.
Ұлттық жобада 655 МСАК объектісінің, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 36 объектінің (27 медициналық пункт, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт, 7 дәрігерлік амбулатория) құрылысы көзделген.
Шығыс Қазақстан облысында Алтай ауданының жұмыс істеп тұрған ауданаралық ауруханасын жаңғырту жоспарланған.
Жоғарыда аталған іс-шараларды іске асыру нәтижесінде еліміздің 2,4 млн.астам ауыл тұрғындары қосымша қамтылатын болады.
«Биыл Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды тұғырнамасын іске асыру басталды.
2023 жылдан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы іске асырылуда.
Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, онкологиялық қызметті жаңғыртуды, сондай-ақ инфекциялық емес аурулар бойынша халықты кәсіби тексеру бағдарламаларын кеңейтуді жүзеге асыру қажет.
Бұдан басқа, 2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру басталды.
Осылайша, біз ел халқына медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша кәсіби және азаматтық қоғамдастықтың барлық күш-жігерін біріктіруіміз керек»,-деп түйіндеді вице-министр.