ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШҚО-ДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

ҰЛТТЫҚ ЖОБАНЫҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ШҚО-ДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ ПУНКТ АШЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберінде Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Ұлан ауданының Казачье ауылында жаңа медициналық пункттің ашылуына қатысты.

Медициналық пункттің құрылысы Мемлекет басшысының ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде жүзеге асырылды.

Бұл медициналық пункт ауыл тұрғындарына  санитариялық-медициналық алғашқы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге, шалғайдағы пункттердің тұрғындарына сапалы медициналық көмекті жақындатуға, тұрғындарды скринингтік бағдарламалармен қамтуға, балаларды вакцинациялаумен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған.

Жаңа, кең, жарық ғимарат барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған. Дені сау баланың кабинеті, емшара бөлмесі, гинекологиялық және терапиялық кабинеттер, сүзгі заманауи талаптарға сәйкес келеді. Медициналық көмекті ауылдың 300-ден астам тұрғыны ала алады.

"Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасын және Үкіметтің қаулысын орындайды, оған сәйкес ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жүзеге асырылуда. Осы жобаның шеңберінде ауылдық жерлерде 2023-2024 жылдары емханалық буынға жататын 655 медициналық көмек объектісін салу жоспарлануда. 257 объекті – медициналық пункттер, 238 – фельдшерлік-акушерлік пункттер және 130-ға жуық объекті -дәрігерлік амбулаториялар. Жалпы, бұл жобаны іске асыру кезінде біздің елімізде шамамен 2,5 млн. ауыл тұрғыны медициналық көмектің жақсартылған сапасын алады, бұл ел халқының жалпы санының 10%-дан астамын құрайды. Бұл өте маңызды жоба, оның негізгі міндеттері жоспарлы медициналық көмек көрсету және жедел медициналық көмек көрсету",-деп атап өтті вице-министр.

Казачье ауылының тұрғыны Рауза Оразаева барлық ауылды медициналық пункттің ашылуын күтіп отырғанын айтты.

"Көптеген жылдар бойы біз көрші ауылға, Герасимовкаға медициналық көмек алуға мәжбүр болдық. Бүгін біз үшін медициналық пункт алу үлкен қуаныш", - дейді ауыл тұрғыны.

Жалпы, "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жоспарын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында 36  медициналық-санитариялық алғашқы көмек пунктін ашу көзделген.