Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың төрағалығымен ҚР ДСМ құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволық бағынысты ұйымдарының және өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшыларының қатысуымен алқа отырысы өтті.
Алқа отырысында көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері талқыланды, негізгі инфекциялық емес аурулар бойынша штаттан тыс бас мамандардың жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпарат пен, өңірлердің денсаулық сақтау басқармалары басшыларының сөздері тыңдалды.
Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев баяндама жасап, ағымдағы жылдың 8 айында денсаулық сақтау министрлігінің даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге талдау жасады.
Т. Сұлтанғазиевтің айтуынша, халықтың туу кезіндегі өмір сүру ұзақтығы Денсаулық сақтау саласының негізгі көрсеткіші болып табылады.
«Бұл көрсеткішке 2022 жылы қол жеткізілді және 74,44 жасты құрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық даму жоспарына сәйкес 2025 жылы біз өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа жеткізуіміз керек. 2022 жылы стандартталған өлім көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 5,74 құрады, күтілетін төмендеу 8,3-ке дейін, нәтижесінде көрсеткіш 45%-ға төмендейді. Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім бойынша да айтарлықтай оң динамикаға қол жеткізілді, бұл жоспар 173,8 болса, іс жүзінде 100 мың халыққа шаққанда 130,22 құрады», - деді бірінші вице-министр.
Дегенмен, ол қан айналымы жүйесінің ауруларын ерте анықтау және инфаркт, инсульт кезінде уақтылы мамандандырылған медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі жұмысты күшейтуді қажет ететін бес өңірге назар аударды. Ол Қостанай облысы бойынша 14 индикаторға қол жеткізбеу қаупін атап өтті.
Министр нысаналы индикаторлардың жүйелі орындалмауына жол беріп отырған бірқатар облыстық денсаулық сақтау басқармаларының басшыларын жеке тыңдады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысында қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім республикалық деңгейден 29,7%-ға, қатерлі жаңадан 32,6%-ға жоғары тіркелді.
Ведомство басшысы әдістемелік жұмыс бойынша батыс өңірі мен Ұлттық кардиохирургия орталығы жетекшілерінің өзара әрекеттесу деңгейінің төмендігін, қан айналымы жүйесінің аурулары бар науқастарға көмек көрсетудің нақты алгоритмдерінің, медициналық ұйымдардың техникалық жарақтандырылуының жоқтығын атап өтті. Абай ауданында қан айналымы жүйесінің аурулары болатын өлім көрсеткіші республикалық көрсеткіштен 56,75%-ға жоғары екеніне тоқталды.
Министр қан айналымы жүйесінің аурулары бойынша жағдайға талдау жасауды және жақын арада осы бағыттағы өлім-жітімді азайту жоспарын дайындауды, науқастарды диспансерлеу және амбулаториялық деңгейде бақылау бойынша сапалы жұмысты қамтамасыз етуді тапсырды.
А.Гиният бірқатар проблемалық мәселелерге және өңірлердің ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы төмен көрсеткіштеріне назар аударды. Ол Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ақтөбе облыстарының жетекшілеріне әрбір істі индикативті талдауды, ол бойынша ұсыныстар мен әдістемелік көмек көрсетуді, кадрларды даярлау мәселелерін пысықтап, жағдайды жақсарту бойынша жоспарларды бірлесіп әзірлеуді тапсырды.
Нысаналы индикаторларға қол жеткізуді талдау қорытындысы бойынша денсаулық сақтау басқармаларының, республикалық ғылыми ұйымдардың, медициналық жоғары оқу орындарының басшыларының алдына жыл соңына дейін мынадай міндеттер қойылды.
Біріншісі – қан айналымы жүйесі ауруларын (ГБ, ЖИ, ЖМИ, ЦЖБ), онкологиялық ауруларды, тыныс алу және ас қорыту органдарының ауруларын ерте анықтау шараларын күшейту: скринингтік тексерулер, медициналық тексерулер, тексеру кабинеттерінің, дәрігерге дейінгі кабинеттердің жұмысын, инсульт және ТАКА орталықтарының жұмысын жақсарту (тромболитикалық терапия, кардиохирургиялық және интервенциялық процедураларды жүргізу). Сонымен қатар, кардиология, онкология, пульмонологияның өзекті мәселелері бойынша кардиолог, ЖТД, терапевт, онколог дәрігерлердің біліктілігін арттыруды жүргізу, «жасыл дәліз» мониторингі бойынша ахуалдық орталықтардың жұмысын жақсарту, МҰ және МСАК-та, балалар стационарларында, перинаталдық орталықтарда, перзентханаларда медициналық диагностикалық техникамен жабдықтауды және/немесе ауыстыруды жүргізу.