Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары!
2023 жылғы 7 қазанда сағат 9:00-ден 13:00 - ге дейін Ұлттық ғылыми онкология орталығының клиникалық - диагностикалық орталығында (бұдан әрі-ҰҒОО) ҚР ДСМ Транспланттауды және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру республикалық орталығымен (бұдан әрі - ТЖМҚҮРО) бірлесіп, Ағзалардың донорлығы мен Еуропалық ағзалар донорлығы мен трансплантаттау күніне орайластырылғабауыр мен бүйректі трансплантаттау мәселелері бойынша Ашық есік күні өтеді.
Іс-шараның шеңберінде әлеуетті донорлар мен реципиенттер ҰҒОО трансплантолог дәрігерлерінен және Ұлттық үйлестірушілерден мүлдем тегін консультация ала алады.
Консультацияға жазылу үшін мына нөмір бойынша хабарласуыңызды сұраймыз: +7 7172 702 911, 702 900.
Консультация алдын ала жазылу бойынша өтеді.
Қабылдауды жоғары білікті онколог дәрігерлер, хирургтар, ҰҒОО трансплантологтары жүргізеді.
ТЖМҚҮРО Ұлттық үйлестірушілері қайтыс болғаннан кейін ағзалардың донорлығы туралы ерік білдіруді бекіту, "Күту парағын" қою және жүргізу, сондай-ақ ағзалардың туыстық донорлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізетін болады.
Медицинадағы қарқынды прогреске қарамастан, бүйрек, бауыр, өкпе және жүректі трансплантаттау қажет күтуші пациенттердің тізімі өсуде.
2022 жылы Қазақстанда қайтыс болғаннан кейін 4 донор болды, олар 16 адамның өмірін сақтап қалды. 2023 жылдың ағымдағы кезеңінде қайтыс болғаннан кейін 4 донор және 9 адам құтқарылды.
ТЖМҚҮРО статистикалық деректеріне сәйкес, 2023 жылғы 10 қыркүйектегі жағдай бойынша күту парағында трансплантаттау бойынша операцияға - 3953 пациент тұрады, оның ішінде: бүйрек-3515, балалар-92; бауыр-170 ересек, балалар -10; өкпе: 16 ересек, балалар-0; жүрек-138 ересек, 7 бала; "жүрек-өкпе" кешені: ересектер-2, балалар-3.
Ашық есік күнін өткізудің мақсаты - кадаврдан ағза донорлығы мен трансплантаттау мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару. Учаскелік дәрігердің жолдамасы талап етілмейді, өзімен бірге жеке куәлік пен медициналық құжаттар (зертханалық зерттеулердің бұрын алынған нәтижелері, аспаптық/сәулелік диагностиканың қорытындысы, үзінді көшірмелер және т.б.) болғаны жөн.
Мекен-жайы: Астана қ., Керей және Жәнібек хан к-сі, 3 (емхана жағынан кіру).