АСТАНАДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ФОРУМ ЖОСПАРЛАНҒАН

АСТАНАДА ЗЕРТХАНАЛЫҚ МЕДИЦИНАНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ ФОРУМ ЖОСПАРЛАНҒАН

2023 жылғы 21-22 қыркүйекте Астанада зертханалық медицинаның ұлттық форумы және "Клиникалық практикаға арналған зертханалық медицинадағы заманауи трендтер" халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Форумның мақсаты тәжірибе алмасу, әлемдік тәжірибені, зертханалық медицина мен медициналық білім берудегі инновациялық тәсілдерді талқылау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен зертханалық қызметтің жетекші мамандарын біріктіру болып табылады.

Ұлттық форумның шеңберінде зертханалық диагностиканың жаңа әдістеріне арналған "Клиникалық практикаға арналған зертханалық медицинадағы заманауи трендтер" халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылады.

Форумның жұмысына әлемнің түрлі елдерінен спикерлердің қатысуы жоспарланған. Сөз сөйлеушілердің қатарында ұлттық федерациялар мен зертханалық медицина қауымдастықтарының президенттері, бас штаттан тыс мамандар, халықаралық қауымдастықтардың құрметті мүшелері, диагностиканың бірегей әдістемелерінің авторлары бар. 

Делегаттар ретінде дәрігерлер мен клиникалық-диагностикалық және бактериологиялық зертханалардың мамандары, оның ішінде Қазақстан Республикасы мен жақын шет елдердің медициналық мекемелерінің, басқа медициналық жоғары оқу орындарының басшылары (өкілдері) , зертханалық медицина кафедраларының меңгерушілері, сондай-ақ 35 жасқа дейінгі клиникалық медицина магистранттары, докторанттары, резиденттері мен жас ғалымдары және т. б. қатысады деп жоспарлануда.

Форум алаңында зертханалық жабдықтар мен материалдарды өндірушілер мен жеткізушілердің көрмесі өтеді.

Форумның ғылыми бағдарламасы кәсіби стандарттар мен білім беру, инновациялық технологиялар, цитологиялық және биохимиялық зерттеулердің рөлі, басым бактериялық қоздырғыштар: АМП-ға төзімділіктің таралуы, клиникалық және экологиялық микробиология, вирусология және т.б. сияқты өзекті бағыттарды қамтиды.