ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН КЕЛГЕН РЕАБИЛИТОЛОГТАР ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЕРІКТІЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ӨТКІЗДІ

ОҢТҮСТІК КОРЕЯДАН КЕЛГЕН РЕАБИЛИТОЛОГТАР ЖЕЗҚАЗҒАНДА ЕРІКТІЛЕР БАҒДАРЛАМАСЫН ӨТКІЗДІ

Корея Республикасының жетекші медициналық орталықтарының дәрігер-реабилитологтары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, Ёнсе университетінің Sevarence госпиталы және «ҚМҚ Severence-KZ» Қоғамдық Қорының арасында медицина саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумның шеңберінде Ұлытау облысының «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС-да оңалту бойынша еріктілер бағдарламасын өткізді.

Еріктілер тобының құрамына балалар мен ересектерге арналған нейрооңалту мамандары, сондай-ақ кардиооңалту және ортопедиялық оңалту бойынша сарапшылар кірді.

«Жезқазған медициналық орталығы» қазіргі уақытта өндірістік жарақаттардың салдары, нейрооңалту, кардиооңалту, балаларды оңалту сияқты түрлі бағыттарда оңалтуды белсенді дамытуда.

Корей реабилитологтарының жұмысы инсульттан кейінгі, балалардың церебралдық сал ауруы, ортопедиялық бұзылулары және т. б. бар пациенттердің өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Бір апта бойы шетелдік әріптестер пациенттермен жұмыс істей отырып, Жезқазған медициналық орталығының мамандары үшін ғана емес, пациенттердің өздері үшін де мастер-кластар өткізді. Бұл пациенттерге денсаулығын қалпына келтіру процесіне белсенді қатысуға мүмкіндік берді, бұл оңалтудың бірдей маңызды аспектісі.

Корей мамандары оңалту шараларын жүргізгеннен кейін арбадағы пациент аяғынан тұра алатын нақты жағдай болғанын атап өткен жөн.

Ортопедия, балалар және спорттық оңалту саласында маманданған реабилитологтар медициналық орталық мамандарының тәжірибесі мен білімін байыта отырып, өз бағыттары бойынша дәрістер өткізді.

Пациенттерді оңалту процесін жақсарту мақсатында медицина саласында халықаралық тәжірибе алмасу практикасы Ұлытау облысы халқының денсаулығын жақсартудың тиімді құралы болып табылады және болашақта жүйелі негізде сөзсіз жалғасатын болады.