ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ

ҚАЗАҚСТАНДА ӘЙЕЛДЕРДІҢ РЕПРОДУКТИВТІК ДЕНСАУЛЫҒЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ НӘТИЖЕ БЕРЕДІ

Бүгін Бурятия Республикасының Ұлан-Уде қаласында алдағы екі күнде өтетін "Бурятия әйелдерінің денсаулығы мен әл-ауқаты" атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция басталды.

Конференцияға қатысушылар заманауи тәсілдерді ескере отырып және өзекті клиникалық ұсыныстарға сәйкес әйелдер денсаулығын сақтаудың әртүрлі аспектілерін талқылайды.

Конференцияға ҚР ДСМ Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова, Саха Республикасының Денсаулық министрі  – Лена Афанасьева, сондай-ақ профессорлар, доценттер, медицина ғылымдарының кандидаттары мен докторлары қатысты.

"Қазақстанда мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі әйелдер мен балалардың денсаулығын, халықтың репродуктивтік  денсаулығын сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру және медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырудың негізінде ана, нәресте және бала өлімін азайту болып табылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында балаларды медициналық және әлеуметтік сүйемелдеуді жақсарту, жүкті әйелдердің денсаулығын сақтау және балалардың денсаулығын нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу тапсырылды", - деп атап өтті М.Ембергенова.

Департамент басшысы өз сөзінде ағымдағы ахуал, ұлттық және халықаралық стратегиялық құжаттар, медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаттары және келешегі туралы айтылған ҚР-дағы ана мен бала денсаулығын сақтау саласындағы қызметті жетілдіру бойынша іске асырылып жатқан шаралар туралы ақпаратты ұсынды.