А.ҒИНИЯТ ЕУРОДДҰНЫҢ БАСШЫСЫМЕН МСАКТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ

А.ҒИНИЯТ ЕУРОДДҰНЫҢ БАСШЫСЫМЕН МСАКТЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ПІКІРТАЛАСҚА ҚАТЫСТЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, ДДҰ Еуропалық бюросының өңірлік директоры, доктор Ханс Клюге Алматы декларациясының 45 жылдығына және  медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) жөніндегі Астана декларациясының 5 жылдығына арналған Жаһандық конференцияны дайындау шеңберінде өткен дөңгелек үстелде виртуалды пікірталасқа қатысты.

Бұл виртуалды пікірталастардың мақсаты - прогресті талдау, туындаған кедергілерді анықтау және болашақ даму үшін қажетті стратегиялық қадамдарды анықтау болып табылады.

"Қазақстан адамдардың денсаулығын нығайту және сақтау саясатын ұстанады және  медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дәйекті түрде жетілдіруде. Алматы және Астана декларацияларының қағидаттары бірінші кезекте саламатты өмір салтының профилактикасына және қолдауға бағытталған халықты сапалы кешенді медициналық қызметтермен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізуге бағытталған. Соңғы 5 жылдың ішінде МСАК функциялары физикалық денсаулық мәселелерін шешуден санитариялық сауықтыру мәселелерін шешуге дейін кеңейді, бұл COVID-19 жаһандық пандемиясы кезінде расталды", - деп атап өтті министр өзінің кіріспе  сөзінде.

Соңғы жылдары МСАК-тағы елеулі серпіліс әлеуметтік-психологиялық қызметтің жұмысын күшейту, денсаулықтың әртүрлі детерминанттарымен байланысты пациенттердің проблемаларын шешуге ықпал ететін көпбейінді командаларды енгізу болды.

Өз кезегінде, Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев МСАК деңгейінде жастардың психикалық және репродуктивтік денсаулығы мәселелерінде қолдау көрсететін Жастар орталықтарының жұмысын табысты мысал ретінде келтірді.

"Бүгінде бұл қызметтердің саны 3 жылдың ішінде 3 есеге өсіп, 728 мың бірлікке жетті. Барлық өңірлерде 48 үздік практикалар орталығы  енгізілді, бұл медициналық ұйымдардың әлеуметтік-психологиялық қызметі мен профилактикалық бағытын толық дамытуға мүмкіндік берді. Медициналық қызметтерге қол жетімділіктің теңдігіне қол жеткізу үшін ауылдық денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөлінеді. Профилактикалық тексерулер спектрін кеңейту скринингпен қамтуды 4,5-5%-ға, оның ішінде ауыл тұрғындарын да қамтуды ұлғайтты",-деп атап өтті бірінші вице-министр.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға арнаған сөзінде ведомство басшысы келесі пікірталастардың күн тәртібін белгіледі.

"Біз өткен бес жылда игерілген озық практикаларды жариялап, пандемиямен күресте алған тәжірибемізбен бөлісуіміз, цифрлық технологиялардың бізге беретін мүмкіндіктерін талдауымыз, МСАК қызметінің төтенше жағдайлар мен экологиялық қауіптерге дайындығын бағалауымыз, сондай-ақ МСАК қызметі кадрларының біліктілігін сақтау және арттыру мәселесін талқылауымыз керек", - деді А. Ғиният.