ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МСАК БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ПІКІРТАЛАСҚА ШАҚЫРАДЫ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ МСАК БОЙЫНША ВИРТУАЛДЫ ПІКІРТАЛАСҚА ШАҚЫРАДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросы және ЮНИСЕФ Алматы декларациясының 45 жылдығына және  Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша 5-ші Астана Декларациясына арналған конференцияны ұйымдастырады.

Іс-шараны дайындау шеңберінде конференция үшін сенімді техникалық негізді қалыптастыруға бағытталған денсаулық сақтау саласының жетекші мамандарының қатысуымен дөңгелек үстелде төрт виртуалды пікірталас өтеді.

Бірінші виртуалды пікірталас 2023 жылғы 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де өтеді.

Бұл виртуалды пікірталастардың мақсаты - прогресті талдау, туындаған кедергілерді анықтау және болашақ даму үшін қажетті стратегиялық қадамдарды анықтау болып табылады.

Қыркүйек және қазан айларында барлық мүдделі тұлғалардың келесі сілтеме бойынша іс-шараның онлайн-платформасына тіркелу мүмкіндігі бар: https://cvent.me/0xXNMz

Бұл платформа келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

- Барлық сессиялардың толық бағдарламасына қол жеткізу

-Тікелей эфирге қосылу

- Әлемнің түкпір-түкпірінен МСАК энтузиастарымен желілік байланыс

- Пікірталас топтары мен форумдарға қатысу

- ДДҰ және ЮНИСЕФ ресурстарына және басқа да халықаралық әріптестерге қол жеткізу

- МСАК секторын трансформациялауды табысты іске асыратын елдердің тәжірибесі бар алаң.