ҚАЗАҚСТАН ХИРУРГТАРЫНЫҢ VIII КОНГРЕСІ ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ҮРДІСТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН

ҚАЗАҚСТАН ХИРУРГТАРЫНЫҢ VIII КОНГРЕСІ ХИРУРГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ СОҢҒЫ ҮРДІСТЕР МЕН ИННОВАЦИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН

Алматыда академик Мұхтар Әлиевтің 90 жылдығына арналған "Академик М.Ә. Әлиевтің Қазақстан хирургиясын дамытуға қосқан үлесі" атты халықаралық қатысуымен Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өз жұмысын бастады.

Академик Мұхтар Әлиұлы Әлиев ҚР медицинасының дамуына баға жетпес үлес қосты. Оның өмірлік және еңбек жолы дәрігерлердің жас ұрпақтары үшін шабыттандыратын үлгі болып табылады. Оның бастамалары мен іске асыруларының арқасында бүгінде кеуде, іш, жүрек-қан тамырлары, эндоскопиялық хирургия, микрохирургия және ағзаларды трансплантаттау сияқты хирургия салалары кеңінен дамыған. Қазір  академик Б.Б. Баймаханов бастаған  оның шәкірттері, орынбасарлары мен ізбасарлары өз тәрбиеленушілері үшін  хирургиялық шеберліктің эталонына айналған дана ұстаздың ең жақсы дәстүрлерін жалғастыруда.

Сегізінші рет өткізілген Қазақстан хирургтарының конгресі Жапония, Корея, Үндістан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузияның жетекші мамандарын біріктіреді. Олардың әрқайсысы өзінің құрылымы мен мүмкіндіктері бойынша бірегей, арсеналында қуатты ресурстар мен бай тарихы бар ғылыми мектептерді ұсынады.

Бұл конгреске қатысушыларға тәжірибе алмасуға және кәсіби байланыстар желісін құруға, білімдері мен дағдыларын кеңейтуге және хирургияның соңғы тенденциялары мен инновациялары туралы білуге тамаша мүмкіндік.

Конгресс бағдарламасы әлемдегі медицина ғылымының маңызды жетістіктеріне, хирургиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және профилакьикасындағы жаңа бағыттарға арналған және жетекші шетелдік клиникалармен озық тәжірибе алмасуға, гепатопанкреатобилиарлы хирургия, асқазан-ішек және эндокриндік ағзалар хирургиясы, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттау және шұғыл хирургия сияқты күрделі салалардағы білім деңгейін жақсартуға бағытталған.    

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник өзінің құттықтау сөзінде басты мақсат халыққа хирургиялық көмектің сапасын жақсарту екенін атап өтті. Ол озық ғылыми және практикалық жетістіктерді игерудің, сондай-ақ хирургия саласында оқытудың жаңа әдістерін енгізудің маңыздылығын атап өтті.

Конгресті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен "С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ" КеАҚ, "А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы" АҚ, "Қазақстандық хирургтар қоғамы" РҚБ ұйымдастырды.