2023 жылғы 8-9 қыркүйекте Алматы қаласында Академик М.А. Әлиевтің 90 жылдығына арналған "Академик М. А. Әлиевтің Қазақстан хирургиясын дамытуға қосқан үлесі" халықаралық қатысуымен Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өтеді.

2023 жылғы 8-9 қыркүйекте Алматы қаласында Академик М.А. Әлиевтің 90 жылдығына арналған "Академик М. А. Әлиевтің Қазақстан хирургиясын дамытуға қосқан үлесі" халықаралық қатысуымен Қазақстан хирургтарының VIII конгресі өтеді.

КОНГРЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР: ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен "С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ" КеАҚ.  "А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығы" АҚ.

"Қазақстандық хирургтар қоғамы" РҚБ

Өткізу орны:

Royal Tulip қонақ үй кешені, Grand Ballroom залы, Алматы қ., Оспанов к-сі, 401/2.

Конгресс жұмысының бірінші күні, 8 қыркүйек, сағат 09: 00-де ҚР Денсаулық сақтау министрі А.Ғинияттың, Алматы қаласының әкімі Е. А. Досаевтың және С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың ректоры М.Е.Шорановтың қатысуымен ашылу салтанаты өтеді.

Конгрестің жұмысына спикерлер мен лекторлар ретінде Жапония, Корея, Үндістан, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Литва, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия және Қазақстанның ғылыми орталықтары мен жоғары медициналық оқу орындарының жетекші мамандары қатысады.

Конгресс Қазақстанның медициналық қоғамдастығы үшін маңызды оқиға болып табылады және хирургия саласында тәжірибе және жаңа зерттеулер алмасуға арналған платформа болып табылады.          Ол сондай-ақ академик М.А. Әлиевтің Қазақстандағы хирургия ғылымы мен практикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін көрсетеді.

Конгрестің бағдарламасы әлемдегі медицина ғылымының маңызды жетістіктеріне, хирургиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және профилактикасындағы жаңа бағыттарға арналған және жетекші шетелдік клиникалармен озық тәжірибе алмасуға, гепатопанкреатобилиарлы хирургия, асқазан-ішек және эндокриндік ағзалар хирургиясы, сондай-ақ ағзаларды трансплантаттау және шұғыл хирургия сияқты күрделі салалардағы білім деңгейін жақсартуға бағытталған.

Конгреске қатысушыларға хирургияның соңғы жетістіктері мен тенденцияларын талқылауға мүмкіндік беретін ғылыми сессиялар, баяндамалар мен пікірталас панельдерін өткізеді. Секциялық отырыстарға қатысудың арқасында Қазақстанның барлық өңірлерінің мамандары халықаралық сарапшылардың тәжірибесін клиникалық практикада одан әрі қолдана алады.

Аккредиттеуден өту үшін деректерді электрондық поштаға жіберуді сұраймыз. мекенжайы: aqbota555@gmai.com (АТӘ, ақпараттық ресурстың атауы, журналистің байланыс деректері).

БАҚ үшін байланыстар: Кенжеқожаева Ақбота

+7 708 855 12 01