АСТАНАДА «21 ҒАСЫР АКАДЕМИЯСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА АВАНГАРДЫНДА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІ ӨТЕДІ

АСТАНАДА «21 ҒАСЫР АКАДЕМИЯСЫ: МЕДИЦИНАЛЫҚ БІЛІМ, ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА АВАНГАРДЫНДА»  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТІ ӨТЕДІ

Астана медицина университеті 2023 жылғы 6-8 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Израилдің Ариэль университетімен бірлесіп «21 ғасыр академиясы: медициналық білім, ғылым және практика авангардында» халықаралық саммитін өткізеді.

Өтетін орны: Қазақстан, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 49 А.

Өткізу форматы: offline, online.

Басталуы: 09: 00 сағат.

Саммиттің жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

Саммитке әлемнің түкпір-түкпірінен келген университеттер мен ғылыми ұйымдардың академиялық көшбасшылары мен ғалымдары жиналып, оларды шешу бойынша ұсыныстар әзірлеу, жаңа бастамаларды қалыптастыру, идеялармен алмасу және ынтымақтастықты нығайту мақсатында 21 ғасырдағы медициналық білім берудің, ғылым мен практиканың жаһандық мәселелері мен сын-қатерлерін шешуге бағытталған идеялармен бөліседі.

Саммитте талқыланатын тақырыптар:

  • 21 ғасырдағы медицинаның болашағы;
  • Қазіргі әлемдегі университеттік сәйкестік
  • Сандық оқыту және сандық медицина;
  • Университет экожүйе ретінде;
  • Университеттердің халықаралық рейтингтері;
  • Жеке және профилактикалық медицина;
  • Медицинадағы академиялық стартаптар;
  • Спорттық медицина;
  • Гендерлік құқық;
  • Университет қала құраушы кәсіпорын ретінде;
  • Фармация;
  • Молекулалық биология және т. б.

Саммит бағдарламасына пленарлық және секциялық отырыстар, негізгі баяндамашылармен (спикерлермен) панельдік пікірталастар, дәрістер, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстелдер кіреді. Саммит шеңберінде сондай-ақ жас ғалымдар форумын өткізу, цифрлық оқыту, Big Data in Medicine, академиялық ортадағы әйелдердің көшбасшылығы, фармацевтикалық кластерлерді дамыту, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша тақырыптарды талқылау жоспарлануда. Сондай-ақ, бағдарламаның шеберінде Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қаржыландыратын ұйымдармен кездесулер, университеттер мен ғылыми зертханаларға бару, медицина саласындағы ғылыми жетістіктер көрмесі жоспарланған.

БАҚ-ты аккредиттеу: +7 705 424 20 84 Бақтыгүл Бейлхан, баспасөз қызметі