АСТАНАДА ОНКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОА ЕЛДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

АСТАНАДА ОНКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОА ЕЛДЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

2023 жылғы 6-8 қыркүйекте Астанада алғаш рет «Орталық Азия онкологиялық апталығы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

 Конференцияның барысында хирургияның өзекті мәселелері бойынша Орталық Азияның, жақын және алыс шетелдердің жетекші мамандарымен тәжірибе алмасу, спутниктік симпозиумдар өткізу, қазақстандық тәжірибеге онкологтардың халықаралық тәжірибесін кеңінен енгізу және танымал етуге бағытталған стендтік баяндамалармен танысу және талқылау жоспарлануда.

Қазақстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Беларусь, Ұлыбритания, Германия, АҚШ және Оңтүстік Кореядан спикерлер қатысады деп күтілуде.

 Конференцияда келесі мәселелерді талқылау жоспарланған: денсаулық сақтау және медициналық құқық, радиациялық онкология және ядролық медицина, онкологиядағы дәрілік терапияға дербестендірілген тәсілдер, онкологиялық науқастарға паллиативтік және қолдаушы көмек, онкологиядағы қарқынды және ноцицептивтік терапия ,әртүрлі локализациядағы ісіктерді емдеудегі хирургиялық тәсілдерді оңтайландыру (сүт безі обыры, онкогинекология, онкохирургия, онкоурология, онкогепатология), онкологиядағы мейіргер ісінің үштігі: практика, білім және ғылым.

Ұйымдастырушылар - Ұлттық ғылыми онкология орталығы, «Онколог-хирургтар қоғамы» ҚБ.

Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен өтеді.

 Конференция гибридті режимде (off-line алаң on-line іс-шара платформасы), қатысу форматы күндізгі (баяндама, постерлік баяндама), сырттай (тезистерді жариялау), трансляция тілі - қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтеді.

Конференцияның барлық күндері медициналық техниканы, дәрілік препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіруші жетекші фирмалардың көрмесі жұмыс істейтін болады.

Конференция бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://kz-oncoconf.org/

 Постерлік баяндамалар конкурсына қатысу үшін мына байланыс телефондары арқылы хабарласуға болады: Жарлығанова Динара Сарқыбекқызы, Тел.+7 702 213 6155; Хамзина Сәуле Сансызбайқызы, Тел.+7 775 796 6235, +7 775 717 2961, khamzina.saule88@gmail.com;

 Whatsapp нөмірі бойынша бақ аккредиттеу: +7 778 700 43 24, Мырзаханова Алуа Жарылқасынқызы.

Өтетін орны-С4.3 блогы және С4.4 блогы, "AIFC Property Offices", Мәңгілік Ел даңғылы, 55/22, Астана қ., Қазақстан Республикасы.