2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 15 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАДЫ

2023 ЖЫЛДЫҢ БІРІНШІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 15 МЫҢНАН АСТАМ ӨТІНІШ ҚАРАДЫ

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың өтініштері мен қабылдауы бойынша есеп береді.

2023 жылдың 1 жартыжылдығында ведомство "Е-Өтініш" АЖ, "Documentolog" АЖ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурсы, ҚР Денсаулық сақтау министрінің "Ашық диалог"порталының блог-платформасы арқылы келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың 15 мыңнан астам өтініштерін қарады.

Сондай-ақ, ҚР ДСМ ресми интернет-ресурста бекітілген және орналастырылған кестеге сәйкес 1 жартыжылдықта Министрлік басшылығының 37 қабылдауы ұйымдастырылды, 314 адам қабылданды.

Сонымен қатар, Министрліктің ресми интернет-ресурсында орналастырылған 74-37-27 "Сенім телефоны"  және 74-32-43, 74-32-40 анықтама телефондарының жұмысына қатысты 2400-ден астам қоңырау қабылданды, ал Министрліктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінде 478 өтініш беруші қабылданды.

Өтініштерді талдау негізінде ең өзекті мәселелер бөлінеді:

- денсаулық сақтау және санитария саласындағы өтініштер бойынша жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыру;

- амбулаториялық-емханалық көмек;

- дәрілік заттарды қазақстандық дәрілік формулярға қосу;

- мүгедектігі бар адамдарға медициналық қызмет көрсету.

"Біздің ортақ міндетіміз – азаматтардың барлық сындарлы сұраныстарына жедел әрі тиімді жауап беретін" халық үніне құлақ асатын мемлекет " тұжырымдамасын іске асыру. Билік пен қоғамның тұрақты диалогы арқылы ғана қазіргі геосаясат контекстіне енген үйлесімді мемлекет құруға болады",-деп атап өтті Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.