Алматыдағы 16 қабатты тұрғын үйдегі ірі өрттің салдарынан 37 адам қаланың көпбейінді стационарларына жеткізілді, онда оларға қажетті медициналық көмектің толық көлемі көрсетілуде.
Зардап шеккендердің ішінде - 26 бала, 2 жүкті әйел, 6 адам жергілікті жерде медициналық көмек алды, төртеуі емдеуге жатқызудан бас тартты.
Өрт орнына жедел медициналық жәрдем қызметінің 23 бригадасы, оның ішінде 5 мамандандырылған (дәрігерлік бригада), 18 фельдшерлік бригада жіберілді.
Өрттен зардап шеккен адамдар келесі стационарларға жеткізілді: шұғыл пациенттерді қабылдауға дайындалған № 2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы (№2 БҚКА), Балалар шұғыл медициналық көмек орталығы (БШМКО), № 7 Қалалық клиникалық аурухана (№7 ҚКА), Жедел медициналық көмек ауруханасы (ЖМКА), Орталық қалалық клиникалық аурухана (ОҚКА), №4 қалалық клиникалық аурухана (№4 ҚКА).
Қазіргі уақытта балалар ауруханасының реанимациясында 4 пациент бар.
Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндірілді. Оқиға орнында бір жедел медициналық жәрдем бригадасы кезекшілік етуде.