
Астана медицина университеті мен Астана қаласының № 10 қалалық емханасының базасында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудниктің төрағалығымен негізгі мәселелер және МСАК-ты одан әрі дамыту бойынша семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, Астана медицина университетінің ректоры, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төрағасының орынбасарлары, С.Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамытудың орталығының төрағасы, «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері қатысты және ақпаратпен сөз сөйледі.
Іс-шараның күн тәртібінде МСАК-ты дамытудың өзекті мәселелері атап өтілді, Денсаулық сақтау басқармасының басшылары өз өңірлеріндегі халыққа амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуді жақсарту жөніндегі ағымдағы ахуал, проблемалар және қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Семинардың негізгі міндеті МСАК көрсету кезіндегі кедергілерді шешу үшін тәжірибе алмасу болды.
Сонымен қатар, азаматтарды бекіту, арнайы мамандарға кезектілік, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және халықтың арасындағы аурулардың профилактикасы жөніндегі іс-шараларды іске асыру мәселелері, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселелер қозғалды.
Жергілікті жерлерде, әсіресе ауылдық жерлерде кадр тапшылығын шешу бойынша да белсенді талқылау өтті.
Семинар-кеңеске қатысушылар әрбір өңірде үздік практикалар орталықтарын құру мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті, қызметкерлерді ауруларды басқару бағдарламасы мәселелері бойынша оқыту жоспарын, меншік нысанына қарамастан әрбір МСАК медициналық ұйымында пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын күшейтуді талқылады.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша МСАК қызметін жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен шешу жолдары әзірленді.